Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 28 Қараша, 2019

2000 жыл өсетін таңғажайып вельвичия

Шөл өсімдігі вельвичияның таңғажайып аталуы бекер емес. Сыртқы көрінісі ерекше өсімдік ұзақ жылдар бойы  гүлдейді. Бұдан бөлек, оның түрі реликтті болып табылады, яғни бастапқы геологиялық дәуірге тән және белгілі бір сиқырдың күшімен біздің заманымызға дейін жеткен.

Таңғажайып вельвичия табиғи жағдайлары 80 000 000  жыл өзгермеген Намиб шөл даласында  өседі. Оның екі жапырағы, қысқа өсімдік сабағы мен тамыры бар. Қызыл гүлдері ерекше сипат береді. Радиокөміртекті  талдау  тәсілімен оның өмір сүру ұзақтығын анықтауға болады. Өсімдіктің жасы 500-600 кейде, тіпті екі мыңжылдықты құрайды. Кішігірім түп  үшін бұл өте ұзақ мерзім болып табылады.

Айта кетерлігі, вельвичияны үйде және жылыжайларда өсіруге де болады. Шындығында, өсімдікті әсемдігі үшін емес, өзге өсімдіктерге ұқсамайтын ерекше, экзотикалық  түрі үшін өсіреді.

  Үміт Жұмаділова

2645 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз