Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Қараша, 2019

Көртоғай шатқалы

Торайғыр жотасының шығыс бөлігінде Шарын өзені "Көртоғай" деп аталатын терең әрі тар шатқал жасайды. Бұл шатқалдағы көпшілікке кең танымал болған нысан – «Қорғандар алқабы». Жауын мен қар суының шаюы мен желдің әсерінен пайда болған сарғыш-қызғылт құз жартастар бірегей форма құрып, кімді болса да ертегідегідей ескерткіш әлеміне – сарайлар мен мұнараларға, минареттерге алып келеді. Шатқал дәл осы қазіргі бейнесін шамамен жарты миллион жыл бұрын иеленген. Шатқал тереңдігі 100 метрге жетеді.

Суреттерді түсірген-Досжан Балабекұлы

 

3645 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз