Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 03 Желтоқсан, 2019

Нұр-Сұлтанда Халықаралық мүгедектігі бар адамдардың күні атап өтіледі

3 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласындағы Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында Халықаралық мүгедектігі бар адамдардың күні атап өтіледі. Оған AGITOS халықаралық қорының «I’mPOSSIBLE» жобасына тартылған қаланың 6 мектебінен шамамен 80 бала қатысады. Мерекеге орай 6-12 жас аралығындағы балалар арасында «Токио-2020 Паралимпиада ойындарындағы менің сүйікті спортым» тақырыбында суреттер мен шығармалар байқауы өтеді.

Байқаудың мақсаты – паралимпиадалық құндылықтарды тарату және инклюзивті қоғамды құру. Үздік суреттер мен шығармаларды мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам ұйымдарының, халықаралық ұйымдардың өкілдернінен және блогерлерден құралған қазылар алқасы таңдайды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болады.

Сонымен қатар паралимпиада спортшылармен кездесу және балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы жоспарланған.

691 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз