Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 12 Қыркүйек, 2019

Халың қалай, туған жер?!

Әр жанның туған жері өзіне ауадай қажет және өте ыстық. Адам қаншалықты туған жерден қашық болса да, жүрек түкпірінде Атамекеніне деген сүйіспеншілік тұратындығы жасырын емес. Туған жерінен шалғайда, оқу, жұмыс, отбасы мәселелерімен жырақта жүрген жандардың әсіресе, кіндік қаны тамған өлкесін аңсайтыны рас. «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы «Туған жер» шығармашылық байқауын жариялағалы бері қатысушылардың туындылары арасында әсіресе, туған жерден жырақта жүрген студенттердің еңбектерін көптеп кездестіреміз. Шалғай облыстардағы тұрғындардың өтінішін ескере келе, байқауға шығармашылық жұмыстарды қабылдау уақыты 15-қазанға дейін ұзартылды. Қатысу туралы шақыртулар 14 облыс, 3 қалаға жіберілді. Аталған алты номинация бойынша әзірге 400-ден астам еңбек келіп түсті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысушылар өз еңбектерін үздіксіз жолдауда. «Үздік мақала» номинациясы – 200-дей, «Үздік поэзия» номинациясы – 100-ден астам, «Үздік бейнеролик» номинациясы – 30, «Үздік бейнелеу өнері» номинациясы – 60, «Үздік өнертабыс» номинациясы – 10, «Үздік дәстүрлі ән орындаушысы» номинациясы бойынша – 20-ға жуық  жұмыс қабылданды. Бұл нәтижесі емес екендігін айта кеткеніміз жөн. Жұмыстар әлі де қабылдануда. «Үздік мақала» номинациясы бойынша қатысушылар туған жерінің табиғатын, тарихын, көптеген әңгімелерді тілге тиек етсе, «Үздік поэзия» номинациясы бойынша туған жеріне деген сағыныш, сезімін өлеңімен өрнектеуде. «Үздік бейнеролик» номинациясында үміткерлер туған жер табиғатын ғана емес, өлкеге қосар үлесін, қиялын еркін жеткізе білсе, ал «Үздік бейнелеу өнерінде» сурет салу арқылы ойын еркін жеткізуде. Байқауға қатысушылардың ұшқыр арман-қиялын еңбектерінен көріп таң қалмасыңа қоймайды. «Үздік өнертабыс» номинациясы бойынша туған жерге пайдасы тиер жобалар ұсынса, «Үздік дәстүрлі ән орындаушысы» номинациясында үміткерлер дәстүрлі ән шырқап, оны бейнеге түсіріп жіберуі тиісті. Қатысушылар өздерінің сағынышын, туған жеріне деген сүйіспеншілігін шығармаларына арқау етіп, мауқын басатындай. Туған жер! Сондай ыстық сөз! Туған жерін сағына жырлаған қатысушыларымызға сәттілік тілейміз!

«Адырна» ұлттық порталы

832 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз