Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Білім & ғылым
  • 05 Желтоқсан, 2019

Халықаралық басылымдарға жарияланым

Әлемдік рейтингтік жарияланымдарда оқытушы-профессорлық құрам мен студенттердің жарияланым белсенділігін арттыру аясында ағылшын тіліндегі академиялық хат деңгейін арттыру мақсатында ғылым және инновациялық қызмет департаментінің ұйымдастыруымен Enago компаниясының өкілі семинар өткізді, деп хабарлады ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі.

Семинар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен әлемдік ғылыми-зерттеу қоғамдастығы үшін ағылшын тілінде ғылыми жұмыстарды редакциялау бойынша қызметтерді жетекші жеткізуші – Enago компаниясы арасында жасалған келісім аясында ұйымдастырылды.

Әлемнің ең ірі аударма және редакторлық компанияларының бірімен ынтымақтастық ҚазҰУ ғалымдарына рецензияланатын халықаралық ғылыми журналдарда өз жұмыстарын жариялау мүмкіндігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Семинар барысында ҚазҰУ қызметкерлері үш қолдау деңгейін ұсынатын Enago компаниясының қызметімен – академиялық аударма, баспа дайындығы және ғылыми-техникалық редакциялау жұмыстарымен танысты. Enago компаниясының әр түрлі пәндік салалардағы мамандар тобы ҚазҰУ-дың авторларына осы жұмыстарды жоғары рейтингті журналдарда қабылдау және жариялау үшін қажетті ең қатаң стандарттарға сәйкес жұмыстарды дайындауға көмектеседі.

Осылайша, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Scopus және Web of Science халықаралық деректер қорында индекстелген журналдарда –оқытушs-профессорлық құрам мен студенттердің академиялық жазу деңгейін жариялау белсенділігін арттыру саясатын жүзеге асыруды жалғастыруда.

638 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз