Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 06 Желтоқсан, 2019

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 2019 жылдың 11 айында қазақстандықтар 352 137 жаңа депозит ашты

Бүгінде еліміздің 1,5 миллион тұрғыны банкке сенім артып, депозиттерінде шамамен 750 млрд. теңге жинады.  Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары жинаған қаражатқа банк сыйақысымен қоса, жыл сайын мемлекет сыйлықақысы қосылып тұрады. Мемлекет тарапынан төленетін сыйлықақы мөлшері 20%-ды құрайды. Ол 200 айлық есептік көрсеткішке тең (2019 жылы 200 айлық есептік көрсеткіш 505 000 теңге) депозит сомасына төленеді. Бұл туралы банктің жарнама және қоғаммен байланыс департаменті хабарлады.

Салымшылар тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы қаражат жинақтай отырып, болашақ баспанасын сатып алу үшін несиені жылдық 2%-дан 8,5%-ға дейінгі мөлшерлемемен ала алады. Биыл тиімді шарттар бойынша тұрғын үйге қол жеткізу мүмкіндігін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 45 464 клиенті пайдаланды. Жалпы алғанда, олар 479,3 млрд теңге сомасына несие алды. Қарыздың 35,6%-ы банк салымшыларына пәтерді жаңа үйлерден, ал 60,2%-ы қолданыстағы үйлерден сатып алу үшін берілді.

1417 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз