Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 06 Желтоқсан, 2019

Профессор Кристиан Волман кардиологтарға шеберлік сағатын өткізді

University Heart Center (Австрия) профессоры Кристиан Волман КІАҒЗИ әріптестерімен еліміздің және Өзбекстанның интервенциялық кардиологтарына шеберлік сағатын өткізді. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Баспасөз қызметі хабарлайды. 

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында Алматы, Талдықорған, Атырау, Тараз, Петропавловск қалаларының интервенциялық кардиологтары, электрофизиологтары, аритмологтары, сондай-ақ Өзбекстанның интервенциялық аритмологтары үшін Клиникалық электрофизиология және интервенциялық аритмология бойынша оқыту циклы өтті.

Курсты өткізуге Санкт Пёлтен (Австрия) қаласының University Heart Center профессоры, доктор Кристиан Волман – қондырғыларды импланттау және электродтарды эндоваскулярлық экстракциялау жөніндегі жетекші сарапшы (электрод экстракциясы – оның тамыр қабырғасы және миокардпен жалғасатын жерлердегі фиброзды тіндерден қауіпсіз бөлінуі). Сондай-ақ Доктор Кристиан Волман тыңдаушыларға синустық түйіннің әлсіреу синдромы, оны емдеудің заманауи тәсілдері туралы айтып берді.

Жүрек ырғағы және өткізгіштігінің бұзылыстары бөлімшесінің жетекшісі, аритмолог дәрігер, жүрек электрофизиологы Роин Реквава тыңдаушыларды жүрек ырғағының бұзылыстарын емдеудің заманауи интервенциялық әдістерімен таныстырды. Ол жүрекалды фибрилляция барлық инсульттардың шамамен үштен бір бөлігінің себебі және дененің басқа жерінде пайда болатын ұйыған қанның жарылып, қан ағысы арқылы миға құйылған кезінде туындайтын эмболиялық инсульттің негізгі себебі болып табылатындығын атап өтті. Іс-шара барысында профессор Кристиан Волман және Роин Реквава операция жасап шеберлік класын өткізді.

6 және 7 желтоқсанда Кризистерді зерттеу орталығының (Каунас, Литва) кардиолог дәрігерлері курс тыңдаушыларын жүрекалды фибрилляциясын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерімен таныстырады. Сонымен қатар «Жүрекалды фибрилляциясы кезіндегі криоаблация» тақырыбында шеберлік сабағы өтеді.

Өз ісінің шебері болған осындай мамандардың шеберлік кластары әр маманға барлық жиналған ақпаратты жүйелендіруге және оны тәжірибеде ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ аритмологиялық интервенциялық араласуларды көрсету бойынша жетекші орталықтардың бірі болып табылады. Тек қана 2019 жылы 800-ден астам, ал 3 жылда – 2500-ден астам операция жасалды.

1160 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз