Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 09 Желтоқсан, 2019

Жаңа ұрпақтың эко-кейіпкері

3 000 ағашты кесуден қалай сақтап қалғанын әңгімелеп берген «MyTazalyk» мобильдік қолдаңбасының әзірлеушісі Айбек Рахым өзінің эко-жобасының пайда болу құпиясымен бөлісті. Осыдан бір жыл бұрын Айбек Рахым бастаған пікірлестер командасы «MyTazalyk» мобильдік қолданбасын ойлап тапты. Ортақ күш-жігер салудың нәтижесінде 3 мыңнан астам ағашты кесуден құтқарғандарын олар мақтан тұтады. Бұл жердегі математика қарапайым: өңдеуге жіберілетін 60 кг макулатура бір ағашты құтқарады. Балалар кәсіпорындарға 180 000 кг-ға жуық макулатураны қайта өңдеуге тапсырды. Ал әрбір ағаш 80-нен 100 жасқа дейін өседі емес пе? Демек, бұл экологияны сақтауға қосқан үлкен үлес! Қазіргі таңда жоба өзгеру сатысын бастан кешіруде. Қалдықтарды бөлек жинауды енгізуші компаниялар олармен тұрақты түрде бірігуде. Бір кездері бұл тек идея болғанын Айбек езу тарта еске түсірді. «Идеяны іске асыруға жастар бастамасын қолдауға бағытталған «3.2.1.Старт!» жобасы көмектесті», - деп ой бөліседі Айбек Рахим. 2018 жылы конкурстың екінші маусымында ол «Tazalyk Эко бокстары» жобасымен жеңіске қол жеткізген еді. Бұл оның командасына жақсы демеу болды.  «Coca Cola Icecek» компаниясы маған және менің командама дамудың тамаша мүмкіндігін берді. Жаңадан басталған жобаға 1 500 000 теңге кедергі келтірмейді, керісінше, алға басуға көмектеседі», - деп Айбек күлімдей еске алады. Қазір оның бизнесі нақты жүйе бойынша жұмыс істейді: эко-кәсіпкер шикізатты бөлек жинауға  арналған бокстарды сатудан табыс табады. Сондай-ақ ол қайта өңдеумен айналысатын компанияларға жиналған қалдықтарды сатады. Әрбір адам «Tazalyk» қолдаңбасына тіркеле отырып, түрлі қалдықтарды қабылдау пункттерін картада көру мүмкіндігіне ие болады. Макулатура, пластик, шыны және қайта өңдеуге тапсыруға болатын заттың бәрі қабылданады. Электроника мен басқа да қауіпті қалдықтарды жоюға тапсыруға болады. Қайырымдылық үшін қалдықтардан басқа киім және басқа да заттар қабылданады.   Қайта өңдеуге тапсырылған әрбір килограмм қалдық үшін Сізге қабылдау пункттерінде бонустар беріледі. Мысалы, 1 кг макулатураға - 1 бонус. Бұл бонустарға  серіктестес компаниялардан тауар немесе қызмет түрлерін алуға болады. Бұл кофеханалар, мейрамханалар, дүкендер және тағы басқалары. Мысалы, белгілі бір мекемеде кофе 10 бонус болуы мүмкін, яғни Сіз оны алу үшін, 10 кг макулатура тапсырасыз. Тамаша ынталандыру емес пе? Осылайша жиналған қалдық қайта өңдеуге жіберіледі. Сонымен қатар компания оқу орындары мен түрлі ұйымдарда қағаз бен пластикті бөлек жинауға арналған экобокстарды орнатады.  «Жиналған макулатураны біз «Карина Trading» компаниясына тапсырамыз, ал олар майлық пен дәретхана қағазын жасап шығарады. Картон қағазды «Kagazy Recycling» компаниясы сатып алады, қайта өңдейді және жаңа гофрокартон өнімдерін шығарады. Шыныдан жаңартылған шыны өнімдері шығады. Қайта өңделген 7 литр пластик бөтелкеден бір футболка жасауға болады. 110 пластик бөтелкелерді қайта өңдеп, пластик орындық жасап шығаруға болады. 25 пластик бөтелкеден бір кеудеше шығады. Қалдықтарды тапсыр да, оған екінші рет өмір сыйла. Қоқыс үйіндісінде асқа қалдықтармен араласқан соң, оның қайта өңделуі екіталай», - деп сөзін жалғады Айбек. Қазіргі сәтте Айбек құрған компания 738 экобокс орнатқан. Олардың 90 пайызы Алматыда орналасқан. Қалғандары Шымкент, Атырау, Нұр-Сұлтан және Ақтөбе қалаларында орнатылған. Айбек бұдан әрі жобасының ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр. Ол басқа қалалардың қоғамға пайдалы және экологиялық қағидаттар негізінде жұмыс істеуіне қажетті франшизаны сатуға дайындау үстінде. Ал «Tazalyk» қосымшасын 20 мыңнан астам адам жүктеп алған. Көп ұзамай жаңартылып, функционалды және ыңғайлы болатын мобильдік қолдаңбаны ай сайын 5 000-ға жуық адам белсенді пайдаланады.  «Мен баршаңызға Coca Cola-ның 3.2.1 Старт! жобасына қатысуға кеңес берер едім! Сіздің кәсіби маман немесе бастаушы кәсіпкер екеніңіз маңызды емес. Бұл жобаның ерекшелігі - қатысушылардың тәжірибе мен қажетті білімге қол жеткізуі. Сізге қалай дұрыс сөз сөйлеп, өз идеяңызды табысты таныстыру керек екенін түсіндіреді. Оған қоса, керекті адамдармен танысуға, сондай-ақ жеке жобаны дамытуға ақша қаражатын ұтып алуға болады. Сіздің тек бір идеямен компания құру мүмкіндігіңіз бар. Бәрінің мүмкіндіктері теңдей. Барлығы Сіздің сөз сөйлеуіңіз бен өз жобаңызға деген сеніміңізге байланысты. Сонымен бірге жеңіске жету үшін, әркімнің рөлі бар команда маңызды. Сонда ғана Сіз жақсы нәтижелерге жете аласыз. Презентация /тұсаукесер/ жобаның мән-мағынасын жеткізе білуі тиіс. Конкурсты қадағалап отырып байқағаным – идеялар жыл сайын жақсаруда, ал іріктеу қатаюда! 4-маусымның іріктеу нәтижелерін асыға күтемін!», – деп тәжірибесімен бөліседі «3.2.1. Старт!» жобасының екінші маусымының жеңімпазы. Егер Сіз Айбек сияқты өз арманыңызды жұмыс істейтін бизнеске айналдырғыңыз келсе, онда жоба сайтына өтінім берудің уақыты келді!   Өтінімдер  2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін қабылданады.  

1397 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз