Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 10 Желтоқсан, 2019

Алматы әуежайында бірнеше рейс кейінге шегерілді

«Рейстердің кешігуіне әуе кемелерінің кеш келуі, әуежайлардағы қолайсыз ауа райы, әуежайға қосымша техникалық қызмет көрсету және авиакомпаниялар шешімдерінің өзгеруі себеп болуда», - деп түсіндірді Алматы әуежайының баспасөз қызметі. Сонымен қатар ИКАО-ның ІІІ В санатына сәйкес сертификатталған Алматы әуежайы көріну шектеулері талаптарында лайнерлерге қызмет көрсетуге дайын, дегенмен осындай жағдайларда рейсті орындау үшін ұшақ экипажында ИКАО ІІІ В санаты болу керек. Қазіргі уақытта Халықаралық Алматы әуежайындағы көріну 50/600 метр, тұманға қарамастан ауа температурасы -1 °, әуежай ешқандай шектеусіз қалыпты режимде жұмыс істейді. Қазіргі уақытта мына рейстер кешіктірілуде: DV 729 Skat Алматы – Қостанай, 9 желтоқсан күні сағат 23:20-дағы рейс Қостанайдың ауа-райына байланысты 10 желтоқсан сағат 12.35-ке ауыстырылды; KS 895 Эйр Астана, Алматы – Дубай, 7:40-дан 8:50-ге; KS 301 Эйр Астана, Алматы – Өскемен, 12:25-тен 16:35-ке; KC 153 Эйр Астана, Алматы –  Санкт-Петербург, 8:15-тен 10:10-ға; DV 725 Skat Алматы – Өскемен, 9:30-дан 10:30-ға, Өскеменнің ауа-райына байланысты. Осыған байланысты, кестені алдын ала Халықаралық әуежайдың alaport.com веб-сайтынан алдын-ала қарау ұсынылады.

618 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз