Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 10 Желтоқсан, 2019

Алматы қаласының бірыңғай автоматтандырылған тұрақ кеңістігін дамыту 3,96 млрд теңгені құрады

Бүгін «Алматы спецтехпаркинг сервис» компаниясының басшылығы «А-Паркинг» жобасының жұмыс нәтижелері туралы есеп берді.
Өткен жылдың қорытындысын «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры Марат Прінбеков қазақстандық БАҚ үшін баспасөз-турында жариялады. Баспасөз- турына қатысқан журналистер Алматы қаласында тротуарлық типтегі ақылы автотұрақтар (Сәтпаев көшесі, Назарбаев көшесі мен Достық даңғылы арасында) мен алаңдық типтегі («Нұрлы Тау» бизнес-орталығының жанындағы автотұрақ) аймақтарына барып, сондай-ақ Алматының бірыңғай автоматтандырылған тұрақ кеңістігінің деректерін өңдеу орталығының қалай жұмыс істеп жатқандығымен танысуға мүмкіндік алды.
Баспасөз-туры барысында өткен жылы «А-Паркинг» компаниясы Қазақстанның ірі қаласының көлік жүйесін сауықтыру және тұрақ кеңістігін ұйымдастыру бойынша жұмысты жалғастырғаны туралы айтты. Соңғы жылы Алматыда 1012 тротуарлық үлгідегі жаңа тұрақ аймағы ашылды, қолданыстағы тротуарлық және алаңдық үлгідегі тұрақ кеңейтілді. «А-Паркинг» жүйесінде қазір 11 683 жаңа тұрақ орны пайда болды, оның ішінде 6109 тротуарлық және 5574 алаңдық түрдегі тұрақ орындары бар. Автоәуесқойларға ыңғайлы болу үшін Kolesa, Senim серіктестерінің интернет-қосымшалары қосылған. Мысалы, Kolesa қосымшасында көлік тұрағы үшін посттөлем жасау мүмкіндігі пайда болды – бұл қандай да бір себеппен автокөлікті тұрақ орнына қою кезінде көлік тұрағын төлей алмайтындар үшін ыңғайлы нұсқа.
2019 жылы «А-Паркинг» биллинг жүйесінде 7 млн. астам тұрақ сессиясы тіркелді. Компания автопаркі 2019 жылы «Дозор-М» фотофиксациясының аппараттық-бағдарламалық кешенімен жабдықталған, автомобиль нөмірлерін танитын және көлік тұрағын төлеу немесе төлемеу туралы ақпаратты тіркейтін автомобильдер іске қосылды. Жыл қорытындысы бойынша тұрақ төлемінен жалтарған алматылықтарға жалпы сомасы 920 млн.теңгеден астам 143 мың ұйғарым шығарылды.
Автотұрақ орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алаңдық типтегі барлық қалалық тұрақтарда бейнекамералар орнатылған, онда камераларды шолуды тұрақ аумағымен шектеуге болады. Мүмкіндігі шектеулі жүргізушілердің автокөліктеріне бөлінген орындарда тұрудың қиындығына байланысты күрделі аймақтарды жақсарту жүргізілуде: жолаушыларды отырғызу және түсіру орындарын қайта жаңарту жүргізілуде, ыңғайлы және жеткілікті тұрақ кеңістігі қалыптастырылады.
2019 жылдың соңындағы деректер бойынша Алматы қаласының бірыңғай автоматтандырылған тұрақ кеңістігін дамытуға инвестиция көлемі 3,96 млрд теңгені құрады. Ақылы автотұрақтар жүйесі жұмыс істеген уақытта мемлекеттік бюджетке 1,7 млрд теңге түсті, оның 561 млн – салық аударымдары, 267 млн – көлік тұрағы үшін төлемдер, 247 млн – мемлекетке міндетті төлемдер; 622 млн теңге қала бюджетіне ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұл түрінде түсті. Бұл қаражат Алматы қаласының көлік және жол желісінің жағдайын жақсартуға бағытталған.
Баспасөз-турдың ресми бөлімі аяқталған соң журналистер «А-Паркинг» бірінші басшысына сұрақ қоюға мүмкіндік алды. Ерекше қызығушылықты корреспонденттердің бірінің алматылықтардың көлік тұрағы үшін төлейтін ақшаны қалай игеріп жатқандығы, барлық түскен қаражат компанияның тек кірісіне түсетін-түспейтіні туралы сұрағы тудырды. Марат Принбеков түсіндіргендей, бір сағат ішінде автокөлік иелері төлейтін әрбір 100 теңгенің 58 теңгесі көлік тұрағын материалдық-техникалық ұйымдастыруға байланысты шығыстарға жұмсалады (оған жабдықты амортизациялау, IT-қызметтер, қосалқы бөлшектер мен шығын материалдарын сатып алу кіреді), 27 теңге мемлекетке салық және міндетті төлемдер үлесіне, 16 теңге – жалақыға, 10 теңге – әкімшілік шығыстарды құрайды, 5 теңге-төлем қабылдау және инкассация жөніндегі комиссия. Нәтижесінде бүгінгі күні әр тұрақ орнын пайдалану сағатына 100 теңгеден компанияның шығыны 16 теңгені құрайды. Алайда, компанияның бизнес жобасы 10 жылға есептелген, инвестицияны қайтару жоба жұмысының 6-жылынан бастап көзделген.
Қысқа мерзім ішінде еліміздің ірі қаласында ақылы автотұрақтардың бірыңғай автоматтандырылған жүйесін құру мүмкін болды. «А-Паркинг» мамандары осы саладағы ең үздік шетелдік жобалардың тәжірибесін қабылдап, оны жергілікті жағдайды ескере отырып пысықтап, әр түрлі жағдайлардағы іс-әрекеттердің өзіндік алгоритмдерін әзірледі. Алдағы жылы біз қоғамдық және БАҚ өкілдері көрсеткен «А-Паркинг» сервисінің сапасын жақсарту және кемшіліктерді жою бойынша жұмысты жалғастырамыз, - деп атап өтті Марат Прінбеков.
Атап айтқанда, ақылы автотұрақ аймақтарында мүгедектерге арналған белгілер мен жол белгілерін салу бойынша ескертулер жойылады, мүмкіндігі шектеулі жүргізушілердің ыңғайлылығы үшін тұрақ орындарының нысандарын қайта жаңарту жүргізілуде. Сондай-ақ, «А-Паркинг» өкілдері қалалық билік орындары автотұрақ кеңістігінің автоматтандырылған жүйесін одан әрі жетілдіруге ықпал ететін шешімдер қабылдауы тиіс екенін атап өтті. Сараланған тарифті енгізу ережелерін пысықтау, көп деңгейлі паркингтерге жер учаскелерін бөлу, «А-Паркинг» тіркеу камераларынан нөмірлік белгілерді жасыратын заңсыз көлік қоюшылар мен жосықсыз жүргізушілермен күрес жүргізу қажет.

762 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз