Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 10 Желтоқсан, 2019

Жастар мәселесін шешу маңызды

«Халықтық коммунистер» фракциясының мүшелері Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Ә. Абаевқа жастар саясатына қатысты депутаттық сауал жолдады. -Жалпы айтқанда, жастар саясаты саласында атқарылған жұмыстарды оң бағалай отырып, халықтық коммунистер фракциясының мүшелері жоспарлау саясаты мен оларды жүзеге асырудағы тиімділікке мұрындық болатын   бірқатар ұсыныстарды білдірсек дейміз. Алға қойылатын жоспарлардың іске қаншалықты асатындығы бастапқы ақпаратқа тікелей байланысты екендігі белгілі. Қоғамда орын алып жатқан үдерістер аясында жастардың 51,8%-ы мемлекеттің олардың дамуына жасап жатқан жағдайларға көңілі толатындығына күмәніміз бар. Солай болған күннің өзінде бұл көрсеткіш қанағаттанарлық  деп айта алмаймыз. Біздің ойымызша, жастардың жартысына жуығы бұл көзқараспен келіспейтіндігіне алаңдаушылық білдіру және осы ортада жастардың қиын мәселелерін шешу әлдеқайда тиімді. Шынайы жауапты табуды қажет ететін бүгінгі күннің басты сауалы: «Неліктен республикадағы жастардың саны 5 жылда шамамен 463 мыңға қысқарған?» Сарапшылардың айтуынша, мемлекеттен тарихи мекенін аңсап кеткен этностармен қатар,  тұрғылықты жастардың да қоныс аударуы айтарлықтай мәселе болып табылады. Жалпы айтқанда, ағымдағы жылдың 3 кварталында эмигранттар мен келгендердің арасындағы теріс сальдо 26 000 астам адамды құрайды. Олардың басым бөлігі еңбек жасындағы білікті мамандар. Орта мектеп бітірушілердің арасындағы үдерістер шұғыл шараларды қабылдап, байыпты әңгіме жүргізудің  тақырыбы болуы керек. Ресми дереккөздерде әр бесінші түлектің (20%) шетелдік, әсіресе ресейлік  ЖОО-лардың студенті болатындығы туралы ақпарат бар.  Олардың көбісі елге қайтып келмейді. 2018 жылдың өзінде 4158, ал 2019 жылы 3,5 мыңға көп түлек мемлекет аумағынан тыс кеткен. Жұмыссыздар бойынша көрсеткіштер де сұрақ туғызады. Жылдан жылға ол тұрақты түрде 400-500 мың аралығында тұр. Қаржы дағдарыстары да, экономиканың құлдырауы да, оңтайландыру да, штаттарды қысқарту да, жұмысқа тұра алмаған түлектердің 5 есе артуы, мүгедектігі бар  424 мыңнан астам азаматтардың жұмыспен қамтылмауы да бұл сиқырлы константаны өзгерте алмауда. Статистика миллиондаған қаржыны  өз абыройына залал келтіре отырып өңдейді.  Егер осы жағдай ары қарай да қайталанатын болса, мемлекетте жұмыссыздық жоқ деп, әлемді таң қалдыратын күн де алыс емес. Осындай статистикаға сүйеніп, жастармен жасалатын жұмысты жоспарлау дұрыс па? Жастардың 40%-ы ұдайы өндіріс негізінде жұмыс жасап, киім-кешек пен тамақтануды қанағат тұта  күнелтеді деген ақпаратта аз мәселе жатқан жоқ. Жастардың жұмысы көңіл көншітпейтіндіктен, оларды шартты түрде жұмыссыздар қатарына жатқызуға болады. Жұмыссыз жастардың 60%-ы қалада өмір сүретіндіктен, мұның өзі біраз мәселелерді туындатады. Осы ортадағы қыз-жігіттердің 25%-ы суицид жасауға бейім. Мемлекеттік қызметтен себепсіз шығатындар санының өсуі туралы ақпаратқа да анық жауап жоқ. «Адасқан буын» тоқырауы еңбектенуге, білім алуға, мансапқа, отбасылық өмірге  деген мотивацияның жоқтығын, пофигизмді ақтайтын әлеуметтік құбылыс, бүтін философия,  жастар арасындағы әлеуметтік нормаларды қабылдамайтын белгілі бір дәрежедегі наразылық формасы. Бұл «індет»  мемлекет болашағы үшін қауіпті эпидемиологиялық сипаттан созылмалы түрге ауыспасын десек, айтарлықтай назар аударуды талап еткен жөн. Біздің ойымызша, жастар саясаты ұғымында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының рөлін арттыру, зерттеушілер кадрымен жасақтау, қажет. Біз жастар мәселелерінің тек бір бөлігін ғана көрсеттік. Олардың көп бөлігі саяси жаңғыртуды жүзеге асыру барысында өзектілігін жоғалтпақ.  Ғаламдық саясат міндеттеген «Өнегесіз (пасық) прагматизм» қағидасынан бас тартқанда ғана табысқа жететініміз анық. Қазақстандық даму жолы бағытының пішіндері Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»,  «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту»,   «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларында баяндалған. Біздің ұсыныстар және оларды талқылауға азаматтық институттар мен жұртшылықтың мүдделі қатынасуы біздің жоспарлар мен іс-әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп сенеміз.

878 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз