Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 11 Желтоқсан, 2019

Елордалық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті

Елордалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің алғашқы ұйымдастыру отырысы өтті. Бұл туралы Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі хабарлайды. 

Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері, ақын-жазушылар, Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері және елордалық этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты.

Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова өз сөзінде Достық үйі қонақтарына Ақсақалдар кеңесінің құрылымы мен маңыздылығына тоқтала кетті.

- Бүгін біз алғашқы рет елордалық ҚХА Ақсақалдар алқасының ұйымдастыру отырысын өткізіп отырмыз. Тарихта біздің халық болмасын билер кеңесіне, ақсақалдардың көмегіне әділ шешім табу үшін жүгінген. Аталмыш шара сол ата дәстүрдің жалғасын табуымен іспеттес. Алдағы уақытта Ақсақалдар кеңесі қалалық Ассамблеяның жұмысына көмек көрсетумен қатар, ел ішіндегі әлеуметтік мәселелердің уақытылы шешімін табуына үлес қосады, - деді хатшылық меңгерушісі Л.Құсайынова.

- Қазақстан – көпэтносты мемлекет. Мен Қазақстанда өмір сүру мүмкіндігін таңдаған адамдармен кездескеніме қуаныштымын. Баршамыз тек бейбітшілікте өмір сүруіміз қажет. Ақсақалдар алқасының құрамына елдің құрметті азаматтары кіреді. Мен үшін еліміздің үйлесімді дамуына, өз мәдениетін сақтауға мүмкіндік беретін Нұр-Сұлтан қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесін басқару үлкен мәртебе,- деп атап өтті елордалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Байгелді Өмірбек. Айта кетейік, Байгелді Өмірбек Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы сенаторлар Кеңесінің мүшесі, ҚР Парламенті Сенатының 1-3 шақырылымдарының депутаты, Ауылшаруашылығы ғылымдары академиясының, Халықаралық және Қазақстанның Инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі болып табылады.

Ақсақалдар кеңесінің алғашқы отырысында сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Қазбек Қазкенов, «Возрождение» неміс қоғамының Басқарма мүшесі Леонид Гейленгер, «Коре ильбо» республикалық газетінің меншікті тілшісі Владимир Сон, Рыскелді қажы атындағы мешіттің бас имамы Яхияхаджи Исмаилов және тағы басқалары ел бірлігі, ұлттар достығы, ұрпақ сабақтастығы мен жастар тәрбиесі төңірегінде өзекті мәселелерді талқылады.

Отырыс соңында Нұр-Сұлтан қаласы Ақсақалдар кеңесінің құрамына кіретін 17 адам таныстырылып, алдағы жұмыс жоспарлары талқыланды.

449 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Алматы қаласының бірыңғай автоматтандырылған тұрақ кеңістігін дамыту 3,96 млрд теңгені құрады
Келесі мақала Мемлекет басшысы «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *