Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 12 Желтоқсан, 2019

Қазақстан Президенті «Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаевты қабылдады

Кездесу барысында Әли Бектаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа партия мүшелерінің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мен Президенттік кадр резервін құру, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері жөніндегі бастамаларды толық қолдайтынын айтты. Бұл туралы Ақорда хабарлайды. 

Сондай-ақ, еліміздің ауыл шаруашылығы саласына қаржылық қолдау көрсету мәселесі көтерілді. Атап айтқанда, Әли Бектаев бұл саладағы жүйелі қаржыландыру үдерісін реформалауға қатысты ұсыныстарын ортаға салды.

Партия басшысы Президенттің ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, егістік алқаптарын нақты іспен айналысатын шаруаларға беру туралы тапсырмаларының өте өзекті екеніне тоқталды.

Мемлекет басшысына «Ауыл» партиясының ауыл шаруашылығы саласын одан әрі дамыту, шалғай елді мекендерді өркендету мәселелеріне қатысты бірқатар ұсыныстар айтылды.

332 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала «Қарақия – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды
Келесі мақала Атырауда қайырымдылық дүкені жұмыс жасауда

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *