Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 12 Желтоқсан, 2019

Атырауда қайырымдылық дүкені жұмыс жасауда

Атырауда «Игі іске бастама» қоғамдық бірлестігі қайырымдылық дүкенін ашып, осы уақытқа дейін 300-ден астам отбасыға көмек көрсетті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Қайырымдылық дүкені ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап жұмыс жүргізіп келеді. Мақсаты – көп балалы аналар мен әлеуметтік осал топтағы азаматтарды киім-кешек және азық-түлікпен қамтамасыз ету. Дүкендегі тауарлар жомарт жандар әкелген сырт киімдер мен аяқ киімдерден тұрады. «Игі ске бастама» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі – Ақылбек Мұхановтың айтуынша, дүкендегі барлық дүние мұқтаж жандар үшін ақысыз беріледі. - Дүкеннен ақысыз түрде тамақ алу үшін көп балалы, жалғызбасты аналардың құжаттары сұралады. Ал, киім алу үшін ешқандай шектеу жоқ. Ең бастысы – мұқтаж жандардың жеке куәлігі қажет, – дейді Ақылбек Мұханов. «Игі іске бастама» қоғамдық бірлестігі де қатарына ерікті жандарды жинауда. Басты талап – мұқтаж жандарға көмектесуге ынталы болуы. Бірлестік мүшесі болу үшін www.iib.kz сайтындағы «еріктілер қатарына қосылу» айдарына кіріп, жеке мәліметтеріңізді енгізе аласыз.

938 рет

көрсетілді

3

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз