Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 13 Желтоқсан, 2019

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 3 857 отбасы қоныс тойын атап өтті

Жоба аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі шамамен 5 000-дай несиелік өтінімді қабылдады. Әсіресе, «Бақытты отбасы» бағдарламасына Нұр-Сұлтан (752 өтінім), Алматы (580 өтінім) және Ақтөбе (495 өтінім) облыстарының тұрғындары белсенді түрде қатысуда. Бұл туралы ТҮҚЖБ-ның жарнама және қоғаммен байланыс деапартаменті хабарлады.

Бүгінде қабылданған өтінімдердің 830-ы бойынша несие беру жөнінде оң шешім шықты. Қазіргі сәтте осы отбасылар өздерінің болашақ пәтерлерін іздестіру үстінде. Бұл үшін оларға 2019 жылдың 31 қазанынан бастап алты ай уақыт беріледі. Пәтерді жаңа салынған немесе қолданыстағы үйден сатып алуға болады. Сондай-ақ, жер үй алу мүмкіндігі де қарастырылған. Тұрғын үйді салымшы өзі әкімдікте кезекте тұрған аймақта ғана сатып ала алады.

Негізінен, ең көп баспанаға қол жеткізген – Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары. Онда 702 отбасы жаңа қоныс иесі атанды. Сондай-ақ, өзінің болашақ үйі үшін Алматы облысының 484 тұрғыны банктен несие алса,  ал Ақтөбе облысы бойынша жалпы саны 436 займ берілді.

932 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз