Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 14 Желтоқсан, 2019

Димаш Құдайберген: Отаныма бір күні Грэмми жүлдесімен ораламын

Әнші Димаш Құдайберген барлық құттықтауларға алғысын білдірді. «Достар, мен, Отаным - Қазақтанға келдім! Туысқандарыммен және отандастарыммен елде болған қандай бақыт! Барлық құттықтауларыңызға шексіз алғыс. Отаныммен мақтанамын! Болашақта, Алла қаласа, Отаныма Грэмми жүлдесімен оралуға жұмыс жасаймын. Сіздерді жақсы көремін!» - деп жазды Димаш Құдайберген Инстаграм парақшасында. Еске сала кетсек , бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концерті үлкен аншлагпен өткенін, Barсlays center аренасы қазақ әншісін сүйіп тыңдайтын жұртшылыққа лық толы болғанын хабарлаған едік. Отанына орала салысымен Димаш «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды.  

934 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз