Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 24 Желтоқсан, 2019

Ақыл-ес кемістігінің асқынған түрін емдейтін дәрі

Ақуыз миды Альцгеймер ауруынан қорғайды.

Канададағы Альберт университетінің ғалымдары CD33 ақуызы ақыл-ой кемуінің жазылмайтын және қауіпті түрі – Альцгеймер  ауруының пайда болу қаупін төмендететінін анықтады. Бұл туралы MedicalXpress сайтындағы баспасөз релизінде хабарланды. Мамандардың айтуынша орталық жүйке жүйесіндегі иммунды макрофаг-жасушалар – микроглияларда  CD33 болуы миды Альцгеймер ауруынан қорғайды. Алайда халықтың 10 пайызынан кемінде ғана ақуыздың пайдалы нұсқасы болады.

Нейроглия фагоцитоз көмегімен Альцгеймер ауруының салдарынан жиналып, жүйке жүйесін зақымдайтын амилоидты шытыраларды жоятын потенциалға ие. Фагоцитоз –  бір жасушалы организмдердің немесе кейбір көп жасушалы жануарлар жасушасының микроскопиялық бөтен тірі нысандар (бактериялар, т.б.) мен қатты бөлшектерді жұтып алып, қорытып жіберуі.

Қазіргі уақытта 747 канадалық Альцгеймер ауруы мен ақыл-ес кемуінің басқа да түрлеріне шалдыққан. Бұл ауру дүние жүзінде 44 миллионнан астам адамның денсаулығын зақымдап, өміріне балта шабады. Үміт Жұмаділова

1293 рет

көрсетілді

3

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз