Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 08 Қаңтар, 2020

Ирандағы екі жер сілкінісі тіркелді

Иранда "Бушер" атом электрстанциясына жақын жерде магнитудасы 4,9 және 4,5 екі жер сілкінісі тіркелді. АҚШ-тың геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, магнитудасы 4,9 жер сілкінісі UTC уақыты бойынша 2:20-да (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 8:20) болды. Жер асты дүмпулерінің эпицентрі Боразджан қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай он шақырым жерде, ошағы он шақырым тереңдікте орналасқан. Магнитудасы 4,5 екінші жер сілкінісі UTC уақыты бойынша 3:19-да (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 9:19-да) болды. Эпицентр Боразджан қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 17 шақырым жерде орналасқан. Дереккөз: tengrinews.kz

729 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз