Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 09 Қаңтар, 2020

Футболдан Қазақстан құрамасы Литваның ұлттық командасымен матч өткізеді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Литвамен жолдастық кездесу өткізеді, - деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты.

23 пен 30 наурыз аралығы команда Талғарда оқу-жпаттығу жиынын өткізеді. Дайындық барысында Алматыда екі жолдастық ойын өткізу жоспарланған. Мұның алдында Қазақстан 30 наурызда Армения құрамасымен ойынайтыны хабарланған. Енді 27 наурызға Литва құрамасымен матч өтетіні туралы белгілі болды.

Литва құрамасын 52 жастағы Вальдас Урбонас жаттықтырады. Еуропа-2020 чемпионатының іріктеу циклінде Литва В тобында Украина, Португалия, Сербия және Люксембургпен болған. ФИФА рейтингінде қазір Қазақстанның келесі қарсыласы 131-ші орында.

581 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз