Айта кетерлігі Алматы (1,9 млн ш. м.), Нұр-Сұлтан қалалары (1,4 млн ш. м.) және Маңғыстау облысында тұрғын-үйдің ең көп көлеміндегі аумағы пайдалануға берілген. Ал тұрғын-үй саны артқан аймақтарға Түркістан (32,1% өсім), Солтүстік Қазақстан (өсім 23,8%) және Алматы (22,6% өсім) облыстары жатқызылған.
Жалпы баспана құрылысына 1,3 трлн теңге жұмсалған, бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 23,1%-ға артық көрсеткіш болып табылады. Алайда пайдалануға берілген аумақ көлемі тек 0,8%-ға артқан. Мұндай үрдіс шаршы метр бағасының артуы және аумағы аз 2-3 бөлмелі пәтерлерге сұраныстың артуымен түсіндіріліп отыр.
2019 жылы жаңа тұрғын-үй бағасы өткен жылмен салыстырғанда 6,4%-ға, ал қайталама тұрғын-үй бағасы 6,2%-ға қымбаттаған. Нәтижесінде жаңа пәтердің 1 ш.м. шамамен 293,5 мың теңге деп бағаланған. Жалпы тұрғын-үй бағасы 2011 жылдан бастап орташа жылдық есеппен 7%-ға қымбаттап отырған. Әлемдік дағдарыс салдарынан шарықтаған тұрғын-үй бағасы, тек 2016 жылы ғана аз мөлшерде түскен.
Тұрғын-үй нарығында бағаның өсуіне қарамастан, 2019 жылдың он бір айында тұрғын-үйді сатып алу-сату келісімінің мөлшері 2018 жылмен салыстырғанда 20,4%-ға артып, 292,3 мың операцияға жеткен. |