Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 13 Қаңтар, 2020

Алматы әкімдігі сәулеттік ғимараттардың дизайн-кодын әзірлейді және оларды орналастыруды жүйелейді

Өңірлік коммуникация қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатының барысында қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов қабылданған «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңының аясында қала құрылысы саласын дамытудың перспективалары туралы әңгімеледі. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Еске салсақ, 2019 жылдың 28 желтоқсанында Қасым-Жомарт Тоқаев «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы», «Жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы», «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға қол қойған болатын.

А. Ахмеджановтың айтуынша, Алматы қаласы аумағында жүзеге асуы тиіс өзгертулер қала құрылысы регламенттеріне орай дизайн-кодты, қалалық жоспарлау жүйесін, сонымен қатар қала аумағына сәулеттік безендірудің жеке жүйесін енгізуді қамтиды.

«Аталған нормативтік талаптар Алматы қаласының сәулеттік кеңістігін сақтау үшін тиісті стандарттар құруға, ғимараттарды сәулет ескерткішіне жатқызу үшін ереже әзірлеуге, сонымен қатар санитарлық-аймақты ескере отырып, олардың сақталуын (ғимарат алаңындағы аймақты дамыту сәулет стиліне сай болуы тиіс) қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Алмасхан Ахмеджанов. Ол ескерткіштердің 130-дан 300-ге дейін артқанын атап өтті.

Биылғы жылы қосымша нысандарды сәулет ескерткіштерінің тізбесіне енгізу үшін қоғам өкілдерімен талқылаулар өтетінін айтты.

Өз кезегінде дизайн-код Алматы қаласының аумағында ғимараттардың қасбеттеріне, жазғы алаңдарға, кіші сәулет пішініндегі объектілерге қойылатын талаптарды жүйелейді әрі оларды орналастыруды реттейді. Сонымен қатар, заңға қажетті инфрақұрылымдық коммуникация жүргізілетін алаңдардың сызбасын (бұрындары сауда алаңдары берілген өтінішке орай орналастырылатын) талап ету енгізілген.

Регламенттер бір айдан соң жұртшылықтың кеңінен талқылауына ұсынылады.

653 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала КІАҒЗИ-да кардиохирургия бөлімшесінде 1500 операция жасалды
Келесі мақала IQala орталығы елордалықтарға 119 қызмет түрін көрсетеді

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *