Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 14 Қаңтар, 2020

Атырауда азаматтарды қабылдау орталығы ашылды

Облыстық прокуратура жанынан азаматтарды қабылдау орталығының ашылуы өтті, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.
ҚР Президентінің «Еститін мемлекет» концепциясы аясында ашылып отырған бұл орталықта  халықпен кері байланыс орнатылып, құқықтық көмек көрсетіледі.  Мамандардың айтуынша, кез-келген уақытта азаматтар бұл орталықтан  5-10 минутта нақты  құқықтық көмек алатын болады. – Бұл орталық 24 сағат бойы азаматтарға қызмет жасайды.  Тұрғындар алдын-ала жазылмай, кез-келген уақытта прокурорлармен кездесе алады. Орталыққа келген әрбір адамға бірден арнайы прокурор  бөлініп,   сол мезетте азаматқа жеке көмек көрсетіледі. Мәселен, әр кезекші прокурордың компьютерінде барлық құқық қорғау органдарының ақпараттық базасы еңгізілген. Көмекке жүгінген әрбір азамат қылмыстық іске қатысты немесе өзінің мәселесіне байланысты сұрағы болса, ол іс қандай деңгейде, қалай шешіліп жатыр деген сыңды сұрақтарына жауап ала алады, – дейді Бас прокуратураның ресми өкілі Оксана Петерс.
Азаматтарды қабылдау орталығында ұжымдық арызданушылар келген уақытта, келелі мәселелерді шешу мақсатында мәжіліс залы орналасқан. Сонымен қатар, кезекші прокурордың бөлмесі, азаматтарды қабылдау және  облыс прокурорының қабылдау бөлмесі, мамандар бөлмесі  орналасқан.
Айта кетейік, 2019 жылы прокуратураға жеке қабылдауға 2000 аса адам жүгініп, басшылықпен 1219, жеке облыс прокурорымен 405 азамат қабылданған.

794 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала IQala орталығы елордалықтарға 119 қызмет түрін көрсетеді
Келесі мақала ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ 1150 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ ТҮСІРІЛДІ

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *