Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 14 Қаңтар, 2020

Қазақ радиосы байқау жариялады

2021 жылы ұлттың үнжариясы Қазақ радиосына 100 жыл! Осыған орай, радио мерейтойлық логотипке байқау жариялайды! Байқау шарты төмендегедей: -        Ғасырлық тарихы бар Қазақ радиосын дәріптеу әрі тақырыпты ашу; -        Қолданыстағы (бекітілген) логотипті негізге алу; -        Түсі мен шрифттер бекітілген логотипке сәйкес келуі тиіс; (brand book сілтемесі https://qazradio.fm/kz/events/3/) -        Авторлық құқықтарға сәйкес болу; -        Көшірме болмауы; -        Байқауға қатысатындар авторлық жобасын JPEG форматта қысқаша мәтінмен (түсіндірмелік) qazradio100@gmail.com электронды поштасына жолдауы тиіс; -        Байқауға жұмыстар 14.02.2020 дейін қабылданады; -        Түскен материалдың барлығы әлеуметтік желіге жариялау құқына келіскен деп есептеледі; -        Үздік шыққан логотип ұлт үнжариясының 100 жылдығына орай ұйымдастырылатын барлық шарада қолданылады; -         Жеңімпазға 100 000 /жүз мың/ теңге көлемінде сыйақы ұсынылады. -         Жеңімпаз анықталған соң логотип CorelDRAW форматта көрсетілген электронды поштаға жіберілуі қажет; -         Жеңімпаздар 17 ақпан күні анықталады; Нұсқаны Қазпошта арқылы жіберсеңіз, «Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі 4, Қазмедиа орталығы, «Қазақ радиолары» ЖШС» мекен-жайына жолдаңыз.  

2609 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз