Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Басты ақпарат
  • 17 Қаңтар, 2020

Қасым-Жомарт Тоқаев Роза Мұқанова мен Ақан Бижановты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлады Қазақпарат агенттігі. Мемлекет басшысы «Ақорда» резиденциясында жазушы-драматург Роза Мұқанова мен Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Ақан Бижановты қабылдады. Роза Мұқанова Мемлекет басшысына Қазақ ұлттық өнер университетінің жас мамандарды даярлау бағытында атқарып жатқан жұмыстары жайында айтты. Әңгімелесу барысында отандық драматургия мен театр өнерін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Ақан Бижанов Президентке Философия, саясаттану және дінтану институтының жұмысы туралы баяндап, Қазақстан ғылымының, идеологиясы мен мәдениетінің қазіргі ахуалы мен даму перспективалары жөніндегі ой-пікірімен бөлісті. Сонымен қатар кездесу кезінде әл-Фарабидің 1150 және Абайдың 175 жылдық мерейтойларын өткізуге дайындық мәселелері сөз болды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды әлеуметтік-саяси жаңғырту, сондай-ақ, өскелең ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру барысында әл-Фараби мен Абайдың ғылыми және рухани мұраларын негізге алудың маңызды екенін атап өтті.

 

363 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Абай мұрасына арналған әдеби орталық ашылды
Келесі мақала Уақыт пен кеңістік талғамайтын туындылар көрмесі

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *