Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 17 Қаңтар, 2020

Еріктілер жылы «Донор күні» қайырымдылық акциясымен басталады

Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен елордалық Достық үйінде этномәдени орталықтардың, Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, елордалық ҚХА Жастар қанаты мүшелерінің қатысуымен ҚХА еріктілер қозғалысы орталығының бірыңғай «Ашық есік күні» өтті, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі.

Іс-шараның бірінші бөлімі «Аналар аманаты» көрме залында концерттік бағдарламамен бастау алса, екінші бөлімі конференц-залда жалғасын тапты.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы – еріктілер жұмысының қайнар көзі. Бүгінгі күн барша Қазақстан бойынша еріктілер қозғалысы орталығының «Ашық есік күнімен» басталды. Орталықтар барлық облыс орталықтарында, Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында ашылып жатыр. Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА еріктілер қозғалысының тұжырымдамасы 4 бағыт бойынша қарастырылған: әлеуметтік, білім беру, спорттық және медиациядағы еріктілік. Елордалық ҚХА еріктілер қозғалысының орталығы Достық үйінде орналасқан. Ерік еңбек өтілі бар, әртүрлі жастағы еріктілер қатысып, өз тәжірибесімен бөлісе алады», - деп атап өтті елордалық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова. Сондай-ақ, ол өз сөзінде белсенділік танытқан әрбір жанға алғыс білдіріп, ерікті болудың патриоттық миссия екендігін тілге тиек етті.

Жиын барысында еріктілердің бағыттары мен үйлестірушілері таныстырылды. «Әлеуметтік» бағытты «Нам только за 60» клубының төрағасы, журналист, ардагерлер қозғалысының белсендісі Левченко Татьяна Петровна жетекшілік етеді. Міндеттер қатарында-әлеуметтік маңызды жобаларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу, халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету және т.б. жатады. «Білім» бағыты – Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола облысының «Возрождение» неміс қоғамы ҚБ төрағасының орынбасары Гизик Евгенияға жүктелді. Жобаға қатысушылар-жеке тәжірибесімен бөлісетін түрлі саладағы еріктілер. Оған оқушылар арасындағы кәсіптік бағдар, тәлімгерлік және тәрбие институты, білім беру мекемелері жанындағы ҚХА жастар клубтарын дамыту жатады. Орталықтың «Тәрбие» бағытына Қазақстан Гиннесс рекордтар кітабының рекордшысы, белгілі спортшы-палуан Сергей Цырульников жетекшілік етеді. Жоба спортшылар мен жаттықтырушыларды бір қауымдастыққа біріктіруге бағытталған. Олар әр түрлі спорт түрлері бойынша балалар үйлері мен оқу орындарына барып, шеберлік-сабақтарын өткізеді. Төртінші бағыт – «Келісім». Оны медицина ғылымдарының докторы, Қарағанды медицина университетінің профессоры Қабиева Сәуле Маутқызы басқарады. Медиатор-еріктілер медицинада, білім беруде, ТКШ-да отбасылық, еңбек дауларын реттеу үшін ғана емес, сонымен қатар алдын алу үшін қызмет етеді. Үйлестірушілер дөңгелек үстелге қатысушыларға өз бағыттары алдағы уақытта атқарылатын жұмыстары бойынша түсіндіре кетті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов, «Астана жастары» еріктілер тобының үйлестірушісі Дильназ Мұрат және «ОкеанАрт» ҚБ арт-терапия шығармашылық орталығы басқармасының басшысы Ирина Шэ еріктілікті одан әрі дамыту және қолдау мәселелеріне тереңірек тоқталды.

Ертең елордалық Достық үйінде сағат 10:00-13:00 аралығында Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА еріктілер қозғалысының ең алғашқы әрі маңызды «Донор күні» қайырымдылық акциясы өтеді. Бұл акцияға талапқа қарсы көрсеткіштері жоқ, жасы 18-ге толған кез келген ерікті донор қатыса алады.

 

1368 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз