Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 20 Қаңтар, 2020

Қытайда пневмонияның жаңа түрімен ауырғандар саны 200-ге жуықтады

Ухань қаласында (ҚХР, Хубэй провинциясы) жексенбі күні коронавирустың жаңа түрі қоздырған пневмонияны жұқтырған адамдар саны 200-ге жуықтады, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.

Өкпе қабынуынан көз жұмғандар саны өсуде. «19 қаңтарда жергілікті уақыт 22:00 сағатта (Бейжің уақытымен) Ухань қаласында короновирустың жаңа түрін қоздырған пневмониямен ауырғандар саны 198-ге жеткен. Олардың 25-і ауруханадан шығарылды, үшеуі көз жұмды, 170 адам медициналық мекемелерде ем алып жатыр. 35 адамның жағдайы нашар, 9-ы ауыр хәлде, 126 адамда аурудың жеңіл түрі анықталды»,  –делінген денсаулық сақтау істері бойынша муниципалдық комитеттің хабарламасында. Коронавирустың жаңа түрі ең алғаш Бейжің қаласының оңтүстігіндегі Дасин ауданында тіркелген. Екі науқас та жаңа коронавирус түрін Ухань қаласына барғаннан кейін жұқтырған. Бұған дейін Қытайда пневмонияның жаңа түрі өршіп бара жатқаны туралы хабарланған болатын.

   

787 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз