Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 28 Қаңтар, 2020

Bek Air ұшағы апаты: Екінші ұшқыш қайтыс болды

Bek Air әуекомпаниясының апатқа ұшыраған ұшағының екінші пилоты қайтыс болды. Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, ер адам екі сағат бұрын үйінде қайтыс болған. Ауруханадан таяуда шығарылған. Алайда мән-жайы айтылмай отыр. Еске салайық, 5 қаңтарда екінші пилоттың ес жиғаны және жансақтау бөлімінен профиль бөліміне ауыстырылғаны хабарланған. Еске салайық, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған. Лайнер Алматы әуежайына жақын жерде үйге соғылған. Бортта 93 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Апат салдарынан жалпы 13 адам қаза тапты. tengrinews.kz

1047 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз