Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 30 Қаңтар, 2020

Исламхан баратын клуб пен келісімшарттың мән-жайы белгілі болды

Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанып, сол жерде жергілікті "Аль-Айн" клубымен келісімшартқа қол қояды.

Исламхан бірінші медициналық тексерістен өтеді, осыдан кейін ол клубпен бес айға келісімшарт жасайды.

"Аль-Айн" БАЭ-нің 13 дүркін чемпионы. 2018 жылы команда клубтық әлем чемпионатының финалында ойнап, мадридтік "Реалдан" ғана ұтылды (1:4).

 Еске салайық, Исламхан "Қайраттан" еркін агент ретінде кетіп, ресейлік "Зенитте" бақылау ойындарына барған, алайда, клуб пен ойыншы келесімшарт жасаспады.

680 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз