Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 30 Қаңтар, 2020

Медициналық бетперденің шығу тарихы мен қолданыс аясы

Медициналық масканың ең алғашқы баламасын XVII ғасырда француз дәрігері Чарль Лор «оба ауруларынан» қорғану үшін  ойлап тапқан. Ол «құс тұмсығы» түріндегі костюмның бөлігі болатын. Костюм құрамына қолғап, балауыз пәлте, қайырмалы қалпақ және бетті түгелдей дерлік жабатын мұрын жағы ұзартылған бетперде кірген. Оған әдетте пішен, кептірілген шөп, камфора салатын болған.

Жағымсыз иістен қорғану үшін жасалынған бетперде респиратор қызметін атқарған. Оның көз маңындағы саңылауына әйнек салынып, емделушілермен таяқ арқылы байланысуға тура келген.

XIX ғасырдың аяғында дәрігерлер Поль Бержер мен Йоханн Микулич-Радецкий заманауи бетперделерге ұқсас баламаларын жасап шығарды.  Оларға микробиолог Карл  Флюггенің  ашқан жаңалығы негіз болды. Ол сілекейден патогендерді анықтаған.

1897 жылдың аяғында Поль Бержер жұқа кездеменің алты қабатынан оралған бетпердені қолдана бастады.  Ал хирург Йоханн Микулич-Радецкий  дәке таңғыш пен қолғаптарды кие бастады.

1920 жылдардан бастап медициналық бетперделер Еуропа елдерінің көптеген ота жасайтын бөлмелерінде қолданыла бастады.  Оларды сондай-ақ халық арасында жайылған тұмау індеті мен Бірінші дүниежүзілік соғыста химиялық қарудан сақтану үшін пайдаланған.

Медициналық бетперделерді жасау үшін дәкелер мен кездемелер қолданған, ал қабаттарын мақта мен жүннен дайындаған. Қазір өндірісте полимерлі талшықтардан жасалынған тоқылмаған материалдарды пайдаланады. Медициналық бетперделердің процедуралық, күнделікті, хирургиялық, мамандандырылған түрлері болады. Олардың сүзгілері мен қабаттарында айырмашылықтары бар.

Медициналық бетперде қорғанудың ең кең таралған құралы болып табылады. Оны емханалар мен стационарларда қолданады. Бұл таңғыштар тыныс алу жолдарын ауа арқылы таралатын жұқпалы аурулардан қорғау үшін кеңінен қолданылады. Мысалы қызылша, тұмау, туберкулез, көкжөтел, паротит сиякты аурулар ауа арқылы таралады. Дегенмен бетперде теріге тығыз жанаспайтындықтан бұзылған ауаның 50 пайызы ағзаға сіңіп кетуі мүмкін. Сондықтан кей жағдайларда бетперде індет жұқтырудың алдын ала алмауы мүмкін.

Медициналық бетперделерді екінші қайтара қолдануға болмайды. Індет таралған кезде бетперделерді әр екі-үш сағат сайын ауыстырып отыру қажет.  Ал ластанған ауадан қорғану үшін бетпердені алты сағат тағуға болады.

alliancesales.ru

2288 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз