Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 03 Ақпан, 2020

Коронавирус: 361 адам қайтыс болып, 2296 адам ауыр жағдайда жатыр

Қытайдың Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда қазіргі таңда елде жұқпалы дертті 17205 адам жұқтырған. Қауіпті дерттен 361 адам қайтыс болған. Ал 2296 адам ауыр жағдайда жатыр. 475 науқас қауіпті дерттен жазылып, үйіне қайтарылған. Сондай-ақ кейінгі күндері 2829 адамның індетті жаңадан жұқтырғаны анықталлы. Бүгінгі күнде сонымен қатар, 21558 адам күдікті ретінде тексеріліп жатыр. Сырқат жандармен байланыста болған 152,7 мың адам да бақылауда тұр. Қысқасы, жағдай жақсы емес. Қытай індеті сондай-ақ сыртқы елдерде де таралып кеткен. Гонконгте –15, Макаода – 8,  Тайванда – 10 адамның коронавирусті жұқтырғаны анықтылды. Ал Қытайдан сыртқары жерлерде 148 адам қауіпті індетті жұқтырған. Сонымен қатар, Ресей, Испания, Италия, Финляндия, Индия, Ұлыбитания, Оңтүстік Корея, Камбоджа, БАӘ, Жапония, АҚШ, Сингапур, Таиланд, Канада, Непаль, Вьетнам, Франция, Австралия, Малайзия, Германия,  Шри-Ланка және Филиппин мемлекеттерінде коронавируспен ауырғандар кездесті.

750 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз