Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 03 Ақпан, 2020

100 мың кәсіпорын жұмысшыларына зейнетақы жарнасын аудармай отыр

Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты деп жазады inform.kz. «Қазір бізде жинақтаушы зейнетақы қорында азаматтардың 10,4 трлн теңге жинағы бар. 9,9 млн зейнетақы есепшоты ашылған. Бірақ, өкінішке қарай жарналардың жиналу мөлшеріне атасақ, азаматтардың 53 пайызының жинақтаған жарнасының көлемі 500 мың теңге болса, 16 пайызында 500 мыңнан 1 млн теңгеге дейін, 15 пайызында 1 млн-нан 2 млн теңге дейін ғана. Яғни, жинақтаушылардың 84 пайызында ғана 2 млн теңгеге дейін зейнетақы жинақ бар», - деді министр. Оның айтуынша, осыны ескерген ел Үкіметі жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдіруге ұсыныс жасаған. Жалпы еліміздің жинақтаушы зейнетақы жүйесінде бірнеше түйткіл бар. Бұл проблемаларды да министр тізіп берді. «Біріншісі, біздің зейнетақы жинақтау жүйеміз әлі жас, 21 жыл ғана болды. Дамыған елдерде мұндай жүйенің қалыптасуына 34-50 жыл керек. Екіншісі – халық табысының төмендігі. Үшіншісі – зейнетақы жарналарының төленбеуі. Өкінішке қарай, бүгінгі күннің өзінде бізде 100 мың кәсіпорын жұмысшысының жалақысынан 10 пайыз жарна ұстап, бірақ оны жинақтаушы қорға аудармай отыр. 2,7 млрд қарыз бар. Келесі проблема – инвестициялық табыс. Яғни, жинақтаушы қордағы біздің жинаған жарнамаларымыздың өсуіне қатысты болып тұр. Сондықтан Үкімет бірінші кезекте осы проблемаларды шешу жөнінде ұсыныс берді», - деді Біржан Нұрымбетов.

1063 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз