Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 05 Ақпан, 2020

Вице-министр әкімнің орынбасары болды

Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне Сұңғат Қуатұлы Есімханов тағайындалды. Ескерте кетейік, бұған дейін ол Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі болып, лауазымынан босатылған еді. Сұңғат Есімханов 1973 жылы 30 қарашада Павлодар облысында дүниеге келген. 1996 жылы Павлодар индустриалды институтын, 2007 жылы Қарағандының ​​«Болашақ» өзекті білім беру институтын тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы «Алюминий Қазақстан» АҚ-ның гидрометаллургиялық цехында инженер болып бастаған. 2001-2007 жылдары Астана, Ақтау, Қарағанды қалалары бойынша ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің құрылымында маман, бөлім басшысы, департамент директоры қызметтерін атқарған. 2008-2010 жылдары Павлодар облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды. 2010-2013 жылдары — «Қазақэнергосараптау» АҚ президенті болды. 2013-2014 жылдары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2014-2018 жылдары — ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарды. 2018 жылғы қарашадан бастап осы тағайындауға дейін ҚР энергетика вице-министрі қызметін атқарды.

666 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз