Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 13 Ақпан, 2020

Әлімханұлы Канадада дебютті жекпе-жегін өткізеді

Жеңілістің ащы дәмін әлі татып көрмеген орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Канададағы алғашқы кездесуін өткізеді. ESPN журналисті Стив Ким өзінің твиттер желісінде орта дивизионда WBC Continental Americas және WBO Global титулдарына ие Әлімханұлы 28 наурыз Квектегі бокс кешінде рингке шығатынын хабарлады. Бұл бокс кешінің басты кезедсуінде жартылай ауыр салмақта IBF және WBC чемпионы ресейлік Артур Бетербиев (15-0, 15 КО) қытайлық Мэн Фаньлунмен (16-0, 10 КО) жұдырықтасады.
Еске салайық, Жәнібек кейінгі рет рингке 10 қараша АҚШ-тың Фресно қаласында шығып, канадалық Альберт Онолуносені (24-3-1, 8 КО) алтыншы раундта нокаутқа түсірген.

555 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз