Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 14 Ақпан, 2020

ҚХА «Біз біргеміз!» еріктілер қозғалысы Жамбыл облысына азық-түлік жөнелтті

Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Біз біргеміз!» еріктілер қозғалысы аясында Жамбыл облысына азық-түліктер және тұрмыстық заттарды жөнелтті. Бұл игі шара елордамыздағы еріктілердің көмегімен іске асырылған болатын, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі.

«2020 жылдың 10 ақпаны мен 13 ақпан аралығында өткен акцияға атсалысқандардың қатары көп болды. Қала тұрғындарымен қатар елордалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері де көмек көрсетіп, халықпен бірге екендігін көрсетті. Барлық азық-түлік және тауарлардың жарамдылық мерзімін тексеріп, арнайы қораптарға салып, 10 тонналық жүк көлігімен жөнелттік», - дейді ҚХА Еріктілер қозғалысы «Әлеуметтік» бағыт үйлестірушісі Татьяна Левченко.

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Парасат» қайырымдылық қызметін үйлестіру орталығы елордалық Достық үйінде 2019 жылдан бері жұмыс істейді.

1068 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз