Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 14 Ақпан, 2020

Бердібек Сапарбаев жауапты мемлекеттік органдар Қордай оқиғасынан қорытынды шығару керектігін айтты

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бірінші аппарат кеңесін өткізіп, онда өңірдің одан әрі дамуы мен экономикалық және әлеуметтік саясаттағы басым бағыттары туралы өз ойларын ортаға салды, - деп хабарлайды Жамбыл облысы әкіміның баспасөз қызметі.

Облыстың әлеуеті айтарлықтай жоғары, алайда ағымдағы жылдың бірінші айында өнеркәсіп, қайта өңдеу, инвестиция тарту сияқты салаларда төмендеуге жол берілген. Игерілген қаражаттың көлемі бойынша айтарлықтай артта қалуы байқалған. Осы бағытта бюджеттік бағдарламалардың орындалу бойынша жұмыстарды күшейту қажет. Аймақ басшысы бірінші тоқсанның қорытындысы өткен жылдың нәтижесінен кем болмауы тиіс екенін баса айтты.

Бердібек Сапарбаев ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру пилоттық жобасының міндетті түрде өз жалғасын табатындығын, ол бастапқы қарқынының төмендемеуін баса айтыпе, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

- Ауыл тұрғындары жыл бойы жұмыспен қамтылып, егін шаруашылығымен де, мал шаруашылығымен де айналысуы керек. Бұл орайда пилоттық жобаға бөлінген 7,2 миллиард теңге толық көлемде игерілуі тиіс. Біз жобаның өміршеңдігін көрсетуіміз керек, бұл алдағы уақытта қаржыландыру көлемін ұлғайтуға және көп адамдардың материалдық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті облыс басшысы.

 Білім беру саласында апатты және үш ауысымды мектептерді жою үшін 17 мектеп ашу қажеттігі сөз болды. Сонымен қатар, тауар айналымын ұлғайту үшін облыстың транзиттік әлеуетін кеңінен пайдаланған жөн, баламалы энергетика саласында алты станцияның құрылысын аяқтау және КЭС, ЖЭС-терден алынатын электр энергиясының жиынтық қуатын 400 мВт-қа дейін жеткізу көзделуде.

Кеңесті қорытындылай келе, Бердібек Сапарбаев жауапты мемлекеттік органдар Қордай ауданында болған оқиғалардан қорытынды шығару керектігін атап өтті.

"Бұл жағдай бізге сабақ болу керек. Осы секілді қайғылы оқиғалар алдағы уақытта қайталанбас үшін тиісті шешім шығара білуіміз қажет. Мемлекеттік органдар, жұртшылық пен интеллигенция өз күш-жігерін біріктіріп, қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтау бойынша жұмыс жүргізуі тиіс", - деп түйіндеді ол.

541 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз