Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 14 Ақпан, 2020

2020 жылдың жазында FlyArystan рейстер санын екі есеге көбейтеді

FlyArystan Алматы бекетінің көкжиегін кеңейтіп, Алматыдан Ақтөбе мен Қостанайға қатынайтын жаңа бағыттарға билет сатылымын ашып, алдағы жазда рейстредің санын көбейтетіні туралы қуана хабарлайды. 2019 жылдың ыстық маусымымен салыстырғанда рейстер саны екі еселеніп, олар 6-дан 12-ге дейін көбеймек. Бұл апта сайын оңтүстік астанадан ұшып шығатын рейстердердегі орындар санының 90% арттыруын білдіреді, - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Осының бәрі 2020 жылдың наурызында компания әуепаркіне жаңадан қосылып келетін бесінші борттың арқасында болмақ. Келетін Airbus А320 ұшағы Халықаралық Алматы әуежайы бекетінде үшінші әуелайнер болуды жоспарлап отыр.

Бағдарлар кестесіндегі Алматы-Қостанай-Алматы жаңа бағыты 12 наурыздан бастап күнделікті орындалатын болады, осы бағыттағы ең арзан тариф құны 8999 теңгеден басталады. Ал Алматыдан Ақтөбеге және де кері қарай ұшақтар сәуірдің 20 бастап, аптасына 3 рет қатынайды екен. Бұл бағыттағы билет бағасы 11 999 теңгеден басталмақ. Қалаған бағытта билетті flyarystan.com сайтында, үстіміздегі жылдың 25 қазанына дейін орындалатын рейстерге алуға болады. Отандық лоукостер жазғы демалысты ертерек жоспарлап, ең төменгі бағамен ұсынылған билеттерді қазірден бастап алуға кеңес береді.

Жаңа бағыттардан бөлек, 2020 жылдың жазында бағдарлар кестесінде халық көңілінен шыққан бағыттар саны да көбеймек:

· Алматы-Шымкент-Алматы. Күнделікті рейстердің саны 86% өсіп, аптасына 13 рейске дейін көбейеді.

· Алматы-Павлодар-Алматы. Күнделікті рейстердің саны 43% есейіп, аптасына 10 рет ұшатын болады.

· Алматы-Нұр-Сұлтан-Алматы. Күніне 2 рет орындалған рейстер 50% артып, бұдан былай күніне 3 қатынайтын болады.

· Алматы-Қарағанды-Алматы. Күнделікті рейстердің саны 29% артып, аптасына 9 рет орындалатын болады.

«FlyArystan-ның операциялық қызметі 2019-дың жазына бір ай қалғанда орындала бастаған еді. Лоукостер дегеніміз не және де оның ерекшелігі жайлы жүздеген мың қазақстандықтар біліп, осы жазда олар одан да көбірек бағытта жиірек ұшып баратын болады деген сенімдеміз. Алматы бекетінің өрісі кеңейіп, бұдан былай алматылықтар тез әрі қолжетімді сапарларды орындау мүмкіндіктері мол болмақ», - деп бөлісті өз ойымен FlyArystan-ның сату және маркетинг бөлімінің директоры Жанар Жайлауова.

Естеріңізге сала кетсек, бірнеше күн бұрын Қазақстанның алғашқы лоукостері Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Қызылордаға, сонымен қатар үстіміздегі жылдың наурызында оңтүстік астанадан Петропавл мен Көкшетау шаһарларына орындалатын жаңа рейстері туралы жаңалығымен бөліскен болатын.

597 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз