Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 14 Ақпан, 2020

Асқар Мамин Катар мемлекетінің Али бен Ахмед әл-Кауари бастаған делегациясын қабылдады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Катар мемлекетінің сауда және индустрия министрі Али бен Ахмед әл-Кауари бастаған делегацияны қабылдады, - деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі. 

Али бен Ахмед әл-Кауари Қазақстан Үкіметінің басшысын жоғары деңгейдегі V Қазақстан–Катар бірлескен комиссиясының сарапшылық тобы отырысының қорытындылары туралы хабардар етті.

Үкімет басшысы сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржы-банк, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы ынтымақтастықты дамытуға елеулі әлеуеттің бар екенін атап өтті.

Елдердің арасында визасыз режим орнатылған, жақында Нұр-Сұлтан мен Доха арасында тікелей рейстерді іске қосу жоспарланған. Одан кейін астаналар арасында ғана емес, сондай-ақ Алматы мен Доха арасында аптасына 7 рет жиі рейстер орындала бастайды.

Тараптар биыл наурыз айында Қазақстанға Катар шейхі әмір Тамим бен Хамад әл-Танидің келуін, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және қаржы-банк салаларындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.

Кездесуге ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Катар мемлекетіндегі ҚР төтенше және өкілетті елшісі А. Шоқыбаев қатысты.

692 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз