Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 17 Ақпан, 2020

Елена Рыбакина үздік 20 теннисшінің қатарына кірді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина үздік 20 теннисшінің қатарына кірді. Бүгін жаңартылған WTA рейтингісінде 20 жастағы қазақстандық теннисші 25-тен 19-орынға көтерілді. Бұл Қазақстан үшін рекордтық көрсеткіш болып саналады. 2012 жылы 29 қазанда Ярослава Шведова 25-ракетка атанған еді. Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 34-тен 32-ге жоғарыласа, Зарина Дияс бұрынғы 63-орнында қалды. Әлемдік рейтинг көшін бұрынғыша аустралиялық Эшли Барти бастап келеді. Румыниялық Симона Халеп екінші, чехиялық Каролина Плишкова үшінші орында. Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 56-дан 55-ке көтерілсе, Михаил Кукушкин 67-ден 69-ға сырғыды. Дмитрий Попко 173-тен 168-ге шықты. Мұнда сербиялық Новак Джокович көш тізгінін ұстаса, испаниялық Рафаэль Надаль екінші, швейцариялық Роджер Федерер үшінші орында тұр. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Е.Рыбакинаның Санкт-Петербург турнирінің финалында есе жібергенін жазған болатынбыз. Е.Рыбакинаның премьер деңгейіндегі тағы бір турнир – бүгін басталатын Дубай додасында сәтті өнер көрсетсе, рейтингісін одан сайын жақсартатындай мүмкіндігі бар. Бұл жарыстың алғашқы айналымында ол әлемнің 7-ракеткасы, биылғы Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы, америкалық София Кенинмен күш сынасады. inform.kz 

173 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Нұрбек Матжани: Қордайдағы  конфликтіге жүрегім қатты ауырса да, таңғалдым
Келесі мақала NASA ғарыштың шегі қандай болатынын көрсетті

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *