- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 17 Ақпан, 2020
Головкинге жол ашылды

Сауль "Канело" Альварестің (53-1-2, 36 КО) промоутері Оскар Де Ла Хойя ESPN журналына екінші орта салмақтағы WBA чемпионы Каллум Смит (27-0, 19 КО) пен WBO титулына ие Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) мамырда мексикалықпен жұдырықтасу бойынша бірінші ұсыныстан бас тартқанын мәлімдеді.
"Канеломен" ешкім жұдырықтасқысы келмейді. Бәрі қорқады. Смитке де, Сондерске де ұсыныс жасалды. Не деп ойлайсыздар? Екеуі де сылтау іздеп жатыр. Бірақ енді бұл олардың өздерінің шешімі. Біздің тізімде төрт боксшы бар. Бас тартса, солай ештеңесіз қалды.
"Канело" қайтсе де мамырда жұдырықтасады. Уақыт өтіп жатыр. Сондерс пен Смитте аз уақыт қалды. Жексенбіге дейін келісім бермесе. .. Жарайды дүйсенбіге дейін шыдайын. Одан кейін тізімдегі басқа аттарға көшемін", - дейді промоутер.
Ал Смит пен Сондерстің де ісін жүргізетін промоутер Эдди Хирн Golden Boy ұсынысынан бас тартқанын растады. Дегенмен британиялық боксшылар "Канеломен" жекпе-жекке шыққысы келеді, алайда, лайықты шарттармен.
"Golden Boy компаниясында нарықта белгіленген деңгейі бар. Каллум мен Билли одан да төмен сұрап отыр. Каллум де, Билли Джо да Альвареспен жекпе-жекті қалайды. Екеуінен кім шығады? Өте аз ақшаға келіскені. Олай болмаса "Канелоға" қарап отыра бере алмаймыз. Мүмкін екеуі титулдар біріктіретін жекпе-жек өткізеді.
vesti.kz

182 рет
көрсетілді0
пікір
Алдыңғы мақала
NASA ғарыштың шегі қандай болатынын көрсетті
Келесі мақала
Абзал Әжіғалиев қола жүлдегер атанды
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *