Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 17 Ақпан, 2020

Ертең Алматыда тағы да қар жауады

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті алматылықтарды қолайсыз ауа райына байланысты ескертті. «18 желтоқсан күні Алматыда қар жауып, тұман түседі және қатты көктайғақ болады «, - делінген хабарламада. Сонымен қатар, мамандар қардың қалың түсуіне байланысты тұрғындарға бірқатар ұсыныс жасады. Үйдің терезесін жақсылап жабу керек, ағаштың жанына жақын жүрмеу және көлікті ағаштың түбіне қоймау қажет. «Құрметті жаяу жүргіншілер! Егер сіздің жолды қар басып қалса, жол бойымен жүргенде жан-жағыңызға мұқият қарап өту қажет, жолда тәртіп сақтап, шұғыл қимыл жасамау керек. Жолдан өткенде абай болыңыз»,– деп кеңес береді ТЖД өкілі.

Фото-Досжан Балабекұлы

1084 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз