Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 20 Ақпан, 2020

Кредитті кімдер алады?

Экономикалық сарапшылар қазақстандықтардың төрттен бірі ең бірінші кредиттерін 25 жасқа дейін-ақ алып үлгеретіндерін айтады. Таяуда LS ақпарат агенттігі қарыздардың қандай мақсатта рәсімделетіні жайында инфограмма әзірлеп, жария етті.

Solva МҚҰ (микро қаржы­лық ұйым) 9 млн-ға жуық қазақстан­дықтардың банктерден несие алу тәжірибелері бар, дейді Бірінші кредиттік бюро (БКБ) мәліметтеріне сілтеме жасап. Олардың ішінде былтыр 580 мың жаңа қарыз алушы жүйеге енген. «Біз қарызды тұңғыш рет рәсімдеген адамдардың үш негізгі жас санатын белгіледік. Басым үлесі 25-тен 45 жасқа дейінгі (67,82%) топтың еншісіне бұйырды. Олардан азырағы – 28,74% – 18-ден 25-ке дейінгі жастарға тиесілі боп шықты. Ал 45-тен 65 жасқа дейінгі адамдар үлесіне бар-жоғы 3,45% болған», – деп атап көрсетеді ұйым мамандары. МҚҰ-да бірінші санаттағы қарыз алушылар автомобиль немесе тұрғын үй сатып алуға, екіншілері – зама­науи гаджеттер иеленуге, ал үшіншілері – бала­­ла­рын оқытуға немесе емделуге кредит рәсімдейді екен. Осының алдындағы талдауларында БКБ-ның бас директоры Руслан Омаров несиелердің жартысынан астамы (52%) Алматыда, Нұр-Сұлтанда, Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында бері­летінін айтқан еді. Р.Омаров қарыз беру нарығы бойынша негізгі мәліметтерді де атап көрсетті. Оның айтуынша, Қазақстанның жалпы кре­диттік қоржыны 2019 жылдың қоры­тындысы бойынша 25 трлн теңгені құраған. 2018 жылмен салыстырғанда бұл 7%-ға өскен. «Айта кету керек, қазақ­стан­дықтардың 76%-ы қарыздарды тойлар, мерейтойлар және тіпті жерлеу рәсімдерін өткізуге алыпты. Жас жұбайлардың және олардың ата-аналарының «бәрін адамша өткізу» тілектерін ескере келе, Қазақстандағы тойлардың 80%-ға жуығы қарыздық қаражатқа өткізіледі екен. Қалған 24%-ы білім алуға жұмсалатын кредиттер көрінеді. Бұдан басқа, жас өсе келе, тал­даушылардың пікірінше, қарыз алушылар өздерінің жеке жинақ­тарына үміт артады да, ал қарызды ойланып барып алуға тырысады екен. Зерттеуге 18 бен 65 жас ара­лығындағы 7 мыңнан аса респонденттер қатысқанын айта кеткіміз келеді. Сондай-ақ БКБ бас директоры осы жылдан бастап қарыз алуға ниет білдіргендерге талаптың қатайғанын да еске салады. Қазір банктерге табысы күнкөріс минимумынан (31 183 теңге) аспайтын клиенттерге қарыздар беруге тыйым салынған.

Иса ҚАМБАР

 

2897 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз