Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 28 Ақпан, 2020

«Гарант 24 Ломбард» ЖШС филиалының директоры ұсталды

Шымкент полициясы «Гарант 24 Ломбард» ЖШС филиалының директорын ұстап, уақытша ұстау абақтысына қамады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол 500 миллионнан астам теңгені алдау және азаматтардың сеніміне қиянат жасау арқылы жымқырған. Бұған дейін  «ESTATE Lombard» ЖШС-нің директоры ұсталған, ол сондай-ақ өз салымшыларын алдап, оларға 100 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Жалпы алғанда, Шымкенттегі жоғарыда аталған ломбардтардың қызметінен 300-ге жуық азамат зардап шекті. Сотқа дейінгі тергеулер жалғасуда.

Шымкент қалалық полиция бөлімі осы мекемелерден зардап шеккен адамдарға жақын маңдағы полиция бөлімдеріне хабарласуды немесе 102-ге қоңырау шалуды сұрайды.

642 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз