Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 05 Наурыз, 2020

Боксшыларымыз барын салуда

Дәл қазір Токио 2020 Олимпиадасына жолдамалар сарапқа салынатын Иорданияда бокстан өтіп жатқан турнирде, Қазақстан құрамасының 33 жасар спортшысы Зәкір Сафиуллин қытайлық қарсыласы Жан Шанды жеңіп ¼ финалға жолдама алды. Одан бөлек бүгінгі жарыс күнінде 81 келідегі әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов Жаңа Зеландиялық Жерон Пампеллонмен күш сынасса, кешкі сағат 21:00 де 75 келідегі Әбілхан Аманқұл кореалық Ким Жиншимен жұдырықтасады. Еліміздің ерлер құрамсы жарыс жолын жеңіспен бастап жатса, өкіншке орай Қазақсатнның әйелдер құрамасы алғашқы айналымнан-ақ сүрініп, әзірге сүреңсіз өнер көрсетуде. Алайда аталмыш турнирде жолы болмаған спортшылардың алдағы уақытта Лондонда өтетін Олимпиядаға іріктеу жарысында қайта бақ сынап көру мүмкіндігі бар. Бексұлтан Нұрланұлы

1617 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз