Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 10 Наурыз, 2020

8 боксшымыз Олимпиадаға жолдама алды

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының 8 мүшесі жартылай финалда өнер көрсетеді. Ерлер арасынан 7 былғары қолғап шебері Олимпияда ойындарына жолдама алса, әйелдер құрамасынан жалғыз жолдама Надежда Рябецтің еншісінде. Алғашқы айналымда қарсыласына есе жіберген Сәкен Бибосынов жұбаныш жекпе-жегінде жеңіске жетсе, Олимпиада ойындарына қатысу мүмкіндігіне ие болды.52 келіде өнер көрсететін отандасымызға филиппиндік Карло Палам қарсылас атанбақ. Ерлер арасында лицензиялық турнирде Қазақстанның ерлер құрамасы көш бастап тұр.Жартылай финалдық кезеңде өнер көрсететін спортшылардың барлық қарсыластары анықталды. Олар төмендегідей өзара мықтыны анықтайтын болады. 57 келі Серік Теміржанов (Қазақстан) – Миразизбек Мирзахалилов (Өзбекстан) 63 келі Зәкір Сафиуллин (Қазақстан) - Обада Мохаммад Мустафа Алкасбех (Иордания) 69 келі Абылайхан Жүсіпов (Қазақстан) – Викаш Киршан (Үндістан) 75 келі Әбілхан Аманқұл (Қазақстан) - Танглатихана Эрбиеке (Қытай) 81 келі Бекзат Нұдәулетов (Қазақстан) - Одаи Алхиндави (Иордания) 91 келі Василий Левит (Қазақстан) - Хуссейн Ишаиш (Иордания) +91 келі Қамшыбек Қоңқабаев (Қазақстан) – Джастис Хани (Австралия) 75 келі, әйелдер Надежда Рябец (Қазақстан) - Кейтлин Паркер (Австралия) Бексұлтан Нұрланұлы

943 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз