Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 10 Наурыз, 2020

Қырғызстан мен Өзбекстан коронавирусқа байланысты Наурызды тойламайтын болды

Қырғызстан мен Өзбекстан Наурызда жоспарланған барлық шаралардан бас тартты, - деп хабарлайды kazgazeta.kz  centralasian.org сайтына сілтеме жасап. 

Қырғызстан билігі коронавирустан сақтану үшін осындай шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бұған дейін ел үкіметі ірі шараларды ұйымдастыруға шектеу қойып, бірнеше спорт жарысынан бас тартқан. Елдегі опера және балет театры, Қырғызстан ұлттық филармаониясы да уақытша жабылды.

Қырғызстанда, ресми дерек бойынша, коронавирус жұқтырғандар жоқ. Өзбекстан үкіметі де наурызда жоспарланған мерекелік шаралардың бәрін уақытша тоқтатты.

Қытайда тараған Covid-19 вирусын әлемде жұқтырғандар саны 110 мыңға жуықтап қалды. 3800-дей адам қаза болды.

Вирус тараған Қытайда 8 наурызда 41 адам дертке шалдыққаны белгілі болды. Бұл елде күннен-күнге вирус жұқтырғандар саны азайып келеді. Дегенмен, Қытайда қаңтардың басынан бері 80 мың адам вирус жұқтырып, үш мыңнан астам адам опат болды.

Ал Оңтүстік Кореяда вирус жұқтырғандар 7400-ге жуықтады. Елу адам қаза болды.

Иранда вирус жұқтырғандар жеті мыңға адамға жетті. 9 наурызда вирустан бақилық болғандар 230-дан асты.

8 наурыздағы дерек бойынша, Италияда қазір 7375 адам дертке шалдығып, 366 адам өмірден өтті. Италия вирус көп тараған солтүстік аймақты, 16 миллиондай халықты, 3 сәуірге дейін карантинге жапты.

1094 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз