Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 10 Наурыз, 2020

Арман Оспанов БАҚ өкілдерімен кездесті

Жақында ACA лигасында ресейлік Расул Мирзаевты бірінші раундта нокаутқа түсірген Арман Оспанов бүгін БАҚ өкілдерімен кездесу ұйымдастырды. Шараға Arlan MMA pro team ұжымының бас бапкері Игорь Фунтиков, Арман Оспанов және оның інісі әрі секунданты Аман Айтжан қатысты. Кездесу барысында Арман жекпе-жекке дайындығы мен алдағы жоспарлары туралы мәлімдеме жасады. Арман Оспанов: “Келгендеріңізге рахмет. Бұл айқасқа дайындық өте жоғары деңгейде болды. Салмақ қуу, психолгиялық дайындық жоспардағыдай өтті. Жаттығулар екі кезеңге бөлінді. Алғашқыда Дағыстанның Махачкала қаласында оқу-жаттығу жиынында болдым. Айқас уақыты жақындағанда елге оралып, Алматы маңындағы AIBA спорт кешенінде дайындығымызды ойдағыдай қортындыладық. Расул Мирзаевқа қарсы кездесу өткізген бұл турнирге 8 апта дайындалдым. Жеңіске жеттім. Ара қашықтықты аяқтың соққылары арқылы бақылауға тапсырма берген бапкер Игорь Фунтиковтың тапсырмасын жекпе-жекте толық орындап шықтым. ACA лигасында 2 жылдың ішінде 7 рет бойға шықтым. Болашақта әлемнің үлкен промоушендерінде өнер көрсетуді жоспарлап жүрмін. ACA ұйымымен келісімшарт аяқталды. Грэг Джексонның АҚШ-тағы спортшыларды дайындайтын арнайы орталығынан шақырту алдым. Мұхиттың арғы жағында өнер көрсетуім керек. Алматыда өткен турнирде, маған дейін өнер көрсеткен жауынгерлеріміздің Ермек Тлауовтан басқа барлығының нокаутпен жеңіске жетіп жатқандығы жекпе-жек алдында мені қатты жігерлендірді.Солардың жеңісті жолын жалғастырғым келді. Қарсыластың жағына 15 жуық соққы жұмсадым. Жағы сынып кетіпті. Бірақ бұл спорт болған соң, түрлі жағдайлар болады. Біраз демалып, оразаға дейін оңтүстікте Ленгірде жаттығатын боламын”- деп ойын қортындылады. Қазір спортшының туған бауыры Аман Айтжан да “NFC” тұжырымында өткізетін алғашқы жекпе-жегіне дайындық үстінде. 30 жасар Арман Оспановтың басты жаңалығы деп қазіргі уақытта UFC чемпионы атақты Хабиб Нұрмағамбетовтың менеджері Али Әбдуль-Азизбен келіссөздер жүргізіп жатқандығын ерекше атап өткен жөн. Бексұлтан Нұрланұлы

1260 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз