Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 12 Наурыз, 2020

Қазақстанда 6 айға жететін азық-түлік бар

Әлем жұртшылығын дүрліктірген коронавирусқа байланысты бірқатар мекемелердің жұмысы тоқтатылады. Осы орайда БАҚ өкілдері премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа азық-түлік дефициті туралы сауал қойды. Себебі тұрғындар қазірдің өзінде азық-түлікті ұзақ мерзімге жеткілікті етіп жаппай сатып алуда. Ералы Тоғжанов: "Әлеуметтік маңызы бар 19 тауардың ішінен тек екеуі сырттан жеткізіледі. Ол тауық еті мен қант. Демек, осы екі өнімді шет елден алдыртуға тура келеді. Ал қалған күнделікті тұрмысқа қажетті тауарлармен еліміз толық қамтылған. Қазір ешкім қол қусырып қарап отырған жоқ. Қазақстан маңыздылығы жоғары азық-түлікпен өзін 6 ай қамтамассыз етуге қауқарлы. барлық өңір басшылары мен әкімдеріне сауда нарығындағы баға мен сапаны қатаң бақылауда ұстауға тапсырма берілді "- деп ойын түйіндеді. Бексұлтан Нұрланұлы

827 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз