Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 12 Наурыз, 2020

Астана хабы еуропалық елдермен әріптестікті кеңейтті

Брюссельде Астана мемлекеттік қызмет хабы мен Бельгия Федералды мемлекеттік қызметі (BOSA арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум ауқымында білім беру және ғылыми-зерттеу ортақ жобаларды іске асырып, семинарлар мен конференцияларға қатысып, мемлекеттік басқару мәселелері бойынша бірлескен тұғырнамалар құру жоспарлануда. Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитет төрағасы Алихан Байменов Хабтың Бельгия Федералды мемлекеттік қызметімен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендігін жеткізді. «Меморандум аймақтағы елдер мен Бельгия арасында әріптестікті дамыту мен ынтымақтастықты тереңдетуге жағдай жасауды мақсат етеді», - деді Алихан Байменов. Бұған дейін Хаб қатысушы-елдері Бельгия мемлекеттік аппаратын қалыптастыру ісіне қызығушылық танытқан. Себебі, бельгиялық мемаппарат кәсібилендіру, автономдық және саяси үдерістерден қорғалатындығы арқасында айрықша орнықтылығымен ерекшеленеді. Бельгия тарабы мемлекеттік қызмет саласында - меритократияны қорғау, мемлекеттік қызмет көрсету және электронды үкімет бойынша Астана хабы тұғырнамасы арқылы аймақ елдерімен ынтымақтасудың маңыздылығына тоқталды. «Біз әртүрлі бағытта бірге жұмыс істей отырып, әріптестікті дамытуды жоспарлаудамыз. Олардың бірі – сарапшылар алмасу, конференцияларға қатысу болуы мүмкін. Бізге Қазақстанның электронды қызмет көрсетуде біртұтас органды енгізу бойынша тәжірибесі қызық», - деді Бельгия Федералды мемлекеттік қызмет өкілі Питер Ванденбрюне. Ол «А» кадр резервін қалыптастыру бойынша қазақстандық тәжірибеге де аса қызығушылық танытатындарын айтты. Меморандумға Қазақстан мен Қырғызстан делегациясының Бельгия федералды қызмет (Belgian FPS Policy and Support) тәжірибесін зерделеу мақсатындағы сапары аясында қол қойылған. Бұл -  Бельгия үкіметіне және федералды ұйымдарға ақпараттық технологиялар, персоналды басқару, ұйымдастыруды бақылау мен этика нормалары мен шыншылдық саясаты,  бюджет, бухгалтерлік есеп және мемлекеттік тапсырыс келісім-шарттары мәселелері бойынша   қолдау көрсететін орган. Алихан Байменов, сонымен бірге, Еурокомиссияның Халықаралық ынтымақтастық және даму бойынша директораты, сыртқы іс-шаралар бойынша Еуропалық қызмет өкілдерімен аймақ елдерінде мемлекеттік қызметті дамыту жөнінде ынтымақтастық перспективалары мен ортақ жобалар бойынша кездесіп, пікір алмасты. Қазіргі таңда Астана хабына 42 мемлекет, оның ішінде ЭЫДҰ, ТМД, Орталық Азия және ASEAN елдері қатысады. 15 наурызда 25 ел мен 5 халықаралық ұйымның Астана мемлекеттік қызмет хабы туралы  декларация қабылдағанына 5 жыл толады.      

808 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз