Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 12 Наурыз, 2020

Қазақстанда жүргізушісіз такси пайда болуы мүмкін

Біраз уақыттан кейін пилотсыз көліктер пайда болуы мүмкін. Бұл жаңалықпен алғашқылардың бірі болып  "Яндекс" компаниясының басшысы Аркадий Волож бөлісті. "Қазір Америкада жүргізушісіз көлікпен қозғалуға болады. Біз Иннополис көшелерімен ғана емес, кәдімгі жолдармен жүргіміз келеді. Бірақ мүмкіндік жоқ. Біз Америкаға барамыз, Лас-Вегас пен Детройд көшелерінде жүйткиміз, қазір Қазақстанмен келісімге келдік"- деді бизнесмен. "Яндекстің" баспасөз қызметі компания пилотсыз такси қызметін іске қосу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатқан елдер қатарында Қазақстанның да барын растады. "Біз расымен пилотсыз технологияларды қолдану үшін, автономды такси қызметін іске қосуға мүмкіндік беретін жаңа аумақтарды қарастырудамыз" - деп түсіндірді компания өкілдері.   Бұрын Toyota, Uber және Denso пилотсыз көліктерді бірге жетілдіретінін хабарлаған еді. Өз кезегінде, "Яндекс" 2022 жылға дейін мыңға жуық пилотсыз көлік шығаратындығын хабарлады.  

310 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз