Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 13 Наурыз, 2020

UFC 249 турнирі өте ме?

Жанкүйерлер ұзақ күткен Хабиб Нұрмағамбетов пен Тони Фергюсон арасындағы айқас сәуір айының 18 жұлдызында өтеді деп жоспарланған болатын. Тіпті осы жекпе-жекке арналған арнайы пресс конференция кезінде Хабиб Тонидің чемпиондық белбеуін бір теуіп, спорт сүйер қауымның ашу-ызасын келтіргені де белгілі. Бүгін UFC 249 шарасының коронавирусқа байланысты кейінге шегерілуі мүмкін деген алып-қашпа сөздер әлеуметтік желіде таралып, көпшілік өз наразылықтарын білдіре бастады. Осы орайда дағыстандық спортшының менеджері Twitter әлеуметтік желісі арқылы ресми мәлімдеме жасады. Али Абдел Азиз: "UFC кез-келген жағдайда дұрыс шешім қабылдай алатын ұйым. Көрермендер болса да, болмаса да бұл жекпе-жек белгіленген уақытында өтеді. Біз жанкүйерлердің талабын орындауға тиіспіз"- деп жазба қалдырды. Бексұлтан Нұрланұлы

1024 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз